General Motors Ресейдегі Chevrolet пен Opel көліктерін шығаруды тоқтатады

565
шевGeneral Motors Ресейдегі Chevrolet пен Opel көліктерін шығаруды торолет, опель көліктері

General Motors жыл соңына дейін Ресейдегі дилерлердің қолында айтарлықтай жеңілдікпен тұрған машиналарды сататын болады. Бұл жөнінде, GM компаниясының Ресей мен ТМД-дағы қоғаммен байланыс жөніндегі директоры Сергей Лепнухов хабарлады.

«Ресейліктердің сатып алып жатқандарының барлығына қызмет көрсетіліп, кепілдік беріледі. Және кем дегенде 10 жыл ішінде қосалқы бөлшектерін жеткізіп тұруға кепілдік береміз», — заявил Лепнухов.

Chevrolet пен Opel көліктерінің ресейлік дилерлері осы күнге дейін компания жоспарларынан бейхабар болып келді. Айта кететін бір жәйт, ресейдегі GM ең көп тармақталған желілердің бірі саналады. Оның құрамында 163 ресми дилер бар.

18 наурыз күні америкалық автоөндіруші General Motors компаниясы ресей нарығынан Opel бренді мен Chevrolet брендінің көпшілік модельдерінің шығатындығын мәлімдеді.

«Қазіргі таңда Ресейде шығарылатын біздің автокөліктеріміз жеткілікті дәрежеде шектелмеген. Нарықтағы жағдай шектеу дәрежесін көтеруге салатын салмақты инвестицияларды ақтап отырған жоқ», — деп түсіндірме бере кетті Opel Group бас директоры Карл-Томас Нойманн.

Сонымен бірге, компания белгісіз мерзімге Ресейдегі өзінің өндірістік жобаларын тоқтатады. Ел ішінде сауда өкілі ретінде жұмысын жалғастыра береді. Санкт-Петербургтегі  GM компаниясы 2015 жылдың маусыман қарай тоқтатылады. GM көліктерін шығарумен айналысатын «Автотором» калиниградтық компаниясымен арадағы келісім-шарт ақпан айында аяқталған болатын.