Google іздеу нәтижелерін дұрыс көрсетпейді

409

Google іздеу нәтижелерін көрсетер кезде көптеген елдің монополиямен күрес заңнамаларын бұзып, интернет қолданушыларға зиян келтіреді. Бұл туралы Колумбия университетінің ғалымдары Майкл Луки және Тима Ву мәлімдейді.

Зерттеу Еурокомиссияға Google іздеу жүйесіне шағым түсірген Yelp компаниясының қолдауы арқылы жүргізілді деп жазады The Wall Street Journal. Құжат Еурокомиссияға өткен аптада жіберілген.

Ғалымдар статистикалық зерттеулер және экономикалық, заңдық сараптамалар жүргізе отырып ғалымдар Google іздеу нәижелерін өзінің жекеменшік сервистерінің мүддесіне сай келетіндей қылып көрсетеді деген нәтиже шығарды. Бұл Yelp және TripAdvisor тәрізді бәсекелестеріне зиян тигізеді.

«Осы арқылы американдық компания іздеу нарығындағы басымдылық күшін пайдалана отырып ішкі контентін алға бастырады және тұтынушыға төменгі сападағы нәтижелерді ұсынады», — деп жазады олар.

Сәуір айында ЕО ресми түрде Google-ді іздеу нәтижелерін дұрыс көрсетпейді деп айыптаған еді. Google-дың интернет-іздеу нарығындағы үлесі Еуропада 90%-ды құрайды.