Греция ресми түрде ЕО-тан несие келісім-шартын ұзартуды сұрайды

552
Греция ресми түрде ЕО-тан несие келісім-шартын ұзартуды сұрайды

Греция билігі құны 270 млрд доллар болатын несие келісім-шартының мерзімін ұзарту туралы Еуро Одаққа ресми өтініш жіберді деп хабарлайды ВВС ел үкіметіне сілтеме жасап.

Афина еуроаймақтағы әріптестерінен қаржыландыруды 6 айға дейін жалғастыруды сұрайды. Өзара келісімнің нақты детальдары жарияланған жоқ.

Осыған дейін Еуропалық орталық банк грек банктеріне шұғыл көмек ретінде қосымша қаржы бөлуге келісім берген. Бірақ Греция мен оның еуропалық несие берушілер несие шарттарын талқылаудағы жиналыстарда нақты келісімге келе алмады. Алексис Ципрас бастаған жаңа министрлер кабинеті елдегі экономикалық дағдарысты тереңдете түседі деп, Еуротоп ұсынған талаптарды қабылдаудан бас тартқан. Осы айдың соңына дейін нақты келісімге қол қойылмаса, елдің қаржылық жағдайы үлкен қауіп төнеді.