Гүлмира Сатыбалды Универсиада-2017 нысандарын жөндеуге бағытталған қаражатты ұрлады деген күдікке ілінді

контрабандашылар
Фото: 1news.com.ua

Алматы қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Гүлмира Сатыбалдыға қатысты аса ірі мөлшерде бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізуде.

Бұл істе «Ария-Жаңа Астана» ЖШС компания басшылығы мен «Алматы қаласы Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы» КММ лауазымды тұлғалары 2019 жылы «Алматы қаласындағы 2017 жылғы Универсиада» нысандары үшін құрылыс-монтаж жұмыстарын нақты орындалмаған міндеттер үшін төленген қаражат ұрлануы мүмкін деген күдікке ілініп отыр.

Осыған ұқсас аса ірі көлемдегі бюджет қаражатын жымқыру фактілері бойынша Мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғалары мен «Ария-Жаңа Астана» ЖШС басшылығының қатысуымен басқа өңірлерде сотқа дейінгі тергеп-тексерулер жүргізілуде.

Тергеулер жалғасуда. Өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етуге жатпайды