Халықаралық Банк қытайлық несиеге байланысты тексеру жүргізіп жатыр

492
Халықаралық Банк қытайлық несиеге байланысты тексеру жүргізіп

Халықаралық банктің төрағасы Джим Ён Ким Қытайдың осы ұйымға берген несиесіне байланысты ХБ басшылығының әрекетін тексеру үшін ірі  заңгерлік фирманы жалдады деп хабарлайды The Wall Street Journal ақпараттандырылған дереккөзге сілтеме жасап.

ХБ-ның жоғары лауазымды шенеуніктері  осы несиеге байланысты орын алған мәселенің негізгі себептерін анықтауды мақсат етіп отыр. Болжам бойынша, Халықаралық банктің бас қаржы директоры Бертран Бадре несие алу кезінде барлық детальдарды дұрыс есепке алмаған  дейді  The Wall Street Journal дереккөзі.

Қытай өткен жылы Халықаралық даму ассоциациясының  кедей елдерге көмек беру қорына байланысты Халықаралық банкке ірі көлемде қаржы берген еді. Сарапшылардың айтуынша, Қытай үшін бұл халықаралық аренадағы беделін көтерудің бір әдісі.  Бірақ банк тарапынан несие алу кезінде өте күрделі кестелердің бірі қолданылған. Қазір Халықаралық қаржы мекемесінің басшылығы  осы қиын келісім-шарттың негізінде екі жақтың да мүддесі қаншалықты тең сақталғандығын тексермекші.