Халық банк 2014 жылдың акциялары бойынша дивидендтерді 2,2 есе арттырмақ

521
Халық банк 2014 жылдың акциялары бойынша дивидендтерді 2,2 есе арттырмақ

Қазақстанның Халық банкі 2014 жыл бойынша таза пайданың 35%-ын немесе 40,186 млрд теңгені дивидендтерді төлеуге бағыттауы мүмкін, бұл 2013 жылмен салыстырғанда 2,2 есе артық.

Банк таратқан хабарламада айтылғандай, банктің директорлар кеңесі акционерлердің жылдық жалпы жиналысына (АЖЖЖ) 2014 жылдың жиынтықталған қаржылық есептілігіне сәйкес алынған таза табыстың бір бөлігін дивидендтерді төлеуге бағыттауды ұсынды. Есептелуі: бір артықшылықты акцияға 13,44 теңге.

«Сонымен қатар банктің директорлар кеңесі АЖЖЖ-ға қарапайым акциялар бойынша банктің бір қарапайым акциясына 3,14 теңге есебінен таза табыстың бір бөлігін дивидендтерді төлеуге бағыттау туралы шешімді бекітуді ұсынды», — делінген банк хабарламасында.

Орналастырылған қарапайым акциялардың саны 11,129 млрд, артықшылықты акциялардың саны – 390,085 млн.

Банктің артықшылықты акциялары бойынша дивидендтерді төлеу туралы шешім 23 сәуір күні акционерлердің жалпы жиналысында бекітілетін болады.