Halyk Bank пен Qazkom жеке қаржы институты ретінде қызметін жалғастыра береді

қаржы институты
Фото: tumba.kz

Алматы. 31 шілде. 7kun.kz – Ұлттық банктің мәлімдеуінше, Halyk Bank пен Qazkom осыған дейінгідей жеке қаржы институты ретінде қызметін жалғастыра береді, деп мәлімдеді Halyk Bank АҚ басқарма төрағасының орынбасары Марат Әлменов.

Qazkom-ның салымшылардың, клиенттердің және инвесторлардың алдындағы міндеті сақталады. Банктердің атауы өзгермейді, ребрендиг болмайды. Әр банк өзінің брендімен қызмет көрсетеді.

«Qazkom БТА банк секілді жұтылып кетпейді. Ол Halyk Bank-тің еншілес ұйымына айналады. Оның қаржы ұйымы ретіндегі мәртебесіне, осыған дейін ұстанған саясатына нұқсан келмейді. Керісінше қаржылық тұрақтылыққа байланысты Qazkom күшейеді», – деді Марат Әлменов.