Халық банк спорттық ойын алаңдарының құрылысын қаржыландырды

52
алаңдарының
Фото: kaz.caravan.kz

Алматы. 2 қазан. 7kun.kz – Қазақстанның Халық банкі қаржы институтының 95 жылдығына арналған өзінің «Игі істер фестивалі» аясында елдің 19 қаласында балаларға арналған спорттық ойын алаңдарының құрылысын 57 млн теңгеге қаржыландырды.

Әр ойын алаңының 64 шаршы метрінде 1 жастан 10 жасқа дейінгі балаларға арналған ресейлік ойын және спорт кешендері мен саябақ жиһаздары орнатылды. Бұл ойын алаңдары балаларға арналған спорт жабдығының қауіпсіздігі бойынша халықаралық стандарттарға жауап береді және мұнда балаларға зақым келу тәуекелі өте төмен, өйткені олардың әрқайсысында соққыға төзімді және тайып кетуге қарсы арнайы жабындылар қолданылған.

«Күздің алғашқы күндеріне біз мектеп жасына дейінгі балаларға және бірінші сынып оқышуларына арналған бірқатар қайырымды шараларды іс-жүзіне асырдық. Енді міне, өз ата-аналары мен достарының арасында бақытты әрі берекелі балауса кезін өткізу үшін балақайларға спорттық-ойын кешендерін орнаттық. Айта кетерлік бір жайт, биыл ел бойынша жағдайы төмен әрі көп балалы отбасыдан шыққан екі мыңнан артық бірінші сынып оқушысы «Халық» қайырымдылық қорынан мектеп жабдықтары мен ортопедиялық сөмкелерді сыйға алған болатын. Бүгінгі бала елдің ертеңі, ұлттың жалғасы. Сондықтан оларға қамқорлық көрсету – біздің қайырымдылық саясатымыздың негізі болып табылады, әрі ол міндетті түрде өз жалғасын табады», — деді Қазақстанның Халық банкі төрайымының орынбасары Дәурен Сартаев.

Банктің 95 жылдығына арналған мерекелік шараларына Қазақстанның Халық банкі акционерлерімен құрылған Halyk қайырымдылық қоры белсенді атсалысуда. Жақында ғана «Халық» қоры Алматы қаласында №1 балалар үйінде заманауи компьютер сыныбын ашқан болатын.