Қазақстан (KASE) және Лондон қор биржасында (LSE) Халық банктің құнды қағаздары 4,2%-ға қымбаттады. Бұл туралы LS хабарлайды.
Банктің баға белгіленімі LSE-де 5,56%-ға, ал KASE-де 2,6%-ға өсті.
Ал KAZ Minerals акциялары Лондон қор биржасында 6,51%-ға артты. «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» компанияының акциялары арзандап, -3,88%-ға кеміді.
Сондай-ақ, Халық банктен бөлек отандық биржада «Қазақтелекомның» (+6,2%), «ҚазТрансОйл» (+0,1%) және Банк ЦентрКредиттің (+0,1%) акциялары қымбаттады.Kcell (-4%) мен KEGOC (-0,8%) бағалары біраз төмендеді.