Халықаралық байқаушы: Сайлау науқаны ашық өтіп жатыр

сайлау
Фото: trend.az

Алматы. 9 маусым. 7kun.kz – Қазақстандағы сайлау туралы Польшадан келген халықаралық байқаушы Януш Пьехочинский өз пікірін білдірді.

Януш Пьехочинский 5 сайлау учаскесінде байқаушы болды.

«Сайлау алдымен ашық түрде өтуде. Және жұмыс барысында ешқандай заңбұзушылықты байқамадық. Одан бөлек, Қазақстандағы сайлау жұмысын, біздің елдің сайлауымен салыстырдым. Мені тағы бір таңқалдырғаны — халықтың белсенділігі. Біз таңертеңнен бері 4-5 сайлау учаскесінде болдық. Қай қайсысына барсаң да дауыс беру кабиналары босамай жатыр», — деді ол.

Айта кетейік, Польшадан барлығы 6 байқаушы келді.