Халықаралық іздестірудегі алаяқ тұтқындалды

43
қылмыскер
Фото: bashinform.ru

Алматы. 4 желтоқсан. 7kun.kz – Бас прокуратурасы Қазақстан Интерполымен бірлесіп Хагай Изгияевті қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін Германиядан экстрадициялады. 

Күдікті 2016 жылдан бастап Алматы қаласы полиция департаментінің іздеуінде болды. Хагай Изгиявке 1,5 млн АҚШ доллары көлемінде алаяқтық жасады деген айып тағылды.

Қылмыс жасағаннан кейін күдікті қылмыстық қудалау органдарынан жасырынды, сондықтан оған халықаралық іздестіру жарияланды.

Қазіргі уақытта Изгияев Астана қаласының тергеу изоляторына қамалды.