Honda 25 күнде 25 елді жүріп өтіп, рекорд жасамақ

415
2015 Civic Tourer

Honda компаниясы ең үнемді көлік ретінде Гиннес рекордын орнатуға бел буып отыр. Еуропалық зерттеу орталығының инженерлері Civic Tourer универсалын таңдап отыр. Civic Tourer 1,6 литрлік дизельмен жабдықталған. ЕО-ның 24 елі мен Ресейдің аумағын 24 күнде жүріп өту жоспарланып отыр.

Саяхат 1 маусым күні Бельгияның Алст қаласынан бастау алады. Көлікті инженерлер Фергал МакГрат және Джулиан Уоррен жүргізетін болады. Олар бұл жобаға өз еріктерімен қатысуға келіскен. Жүргізушілердің әрқайсына автокөлік рөлінде күн сайын жеті жарым сағаттай отыруға тура келеді.

Сапар барысында автокөліктің жүрісі, жанармайдың қанша кеткенін және GPS көрсеткіші туралы жазба жүргізіледі. Сонымен қатар, компания тәуелсіз куәгерлерді де қосады. Олар басында және соңында ақпараттардың дұрыстығын мақұлдайтын болады.