Honda круиз-бақылау жаңа жүйесі апаттың алдын ала алады

737
Honda круиз-бақылау жаңа жүйесі апаттың алдын ала алады

Honda компаниясы Intelligent Adaptive Cruise Control (i-ACC) атты жаңа круиз-бақылау жүйесінің жасалғаны туралы мәлімдеді.

Жапондық марка аталған технологияны «әлемдегі ең алғашқы ақылды круиз-бақылау» деп атап отыр. Ол апаттық жағдай туралы бес секунд бұрын хабарлай алады екен.

Жүйені Honda компаниясының еуропалық ғылыми орталығымен бірлесе отырып жасаған. Бақылау камералар мен радарлардың көмегімен жұмыс істейді. Қазіргі нарықтағы жүйелерге қарағанда жаңа технология алдында келе жатқан көлік құралына жақындағанда ғана емес, көршілес жолақтағы жүргізуші күтпеген жерден алдыға шығып кеткен жағдайда да автокөлікті тоқтата алады.

Круиз-бақылау авторлары жүйе бірнеше секунд ішінде апаттық жағдайдың болатынын есептеп, сәйкес ескерту беріп, көлікті мүмкіндігінше жұмсақ тоқтатады деп хабарлады.

Аталған технология CR-V кроссоверінің жаңартылған еуропалық нұсқасында қосымша құрал ретінде орнатылады.

Дереккөз: Motor.ru