HTC наурыз айында жаңа смартфон мен «ақылды» сағаттарды көрсетеді

463
HTC наурыз айында жаңа смартфон мен «ақылды» сағаттарды көрсетеді

Тайвандық HTC Corp.  электроника өндірушілері наурыз айында жақсартылған камерасы мен дауысы бар жаңа смартфон мен «ақылды» сағаттарды таныстырады, деп хабарлайды Bloomberg агенттігі.

M9 атты кодтық есімі бар смартфонның   20 мегапикселді артқы камерасы мен ең нашар жарықтандыруда да анық түсіретін UltraPixel технологиялы маңдай алды камерасы бар.  Одан бөлек смартфонның аудиожүйесі американдық Dolby Laboratories фирмасымен бірге дамытылып жатыр.  Құрылғы Qualcomm Inc-те жасалған сегізядролық Snapdragon 810   процессорында жұмыс істейтін болады.

Сағаттар фитнеске арналған Under Armour қосымшасымен бірге ұсынылады. Жаңа  құрылғылар наурыз айында Барселонада өтетін Mobile World Congress  көрмесінде таныстырылуы ықтимал.