Кез келген сәбиі бар отбасы үшін күнделікті қолданатын заттың бірі – HUGGIES балалар жөргегі. Бала денсаулығы мен күтіміне ерекше әсер ететін HUGGIES барша аналардың жұмысын жеңілдеткені анық. Бүгінгі таңда Қазақстанда дәретханаға отыруға дағдыланбаған балалардың 95%-ы, Еуропада 98%-ы HUGGIES жөргектерін қолданады. Қолданыс аясы мұншалықты кең әрі бала денсаулығы үшін маңызды HUGGIES жөргектері жайлы сіз не білесіз? Бұл туралы 7kun.kz тілшілері дайындаған маңызды ақпаратқа назар салыңыз.

Жөргек тарихына саяхат

Қазіргі қолданып жүрген жөргектердің шыққан түбі Еуропа мен Солтүстік Америка.  Ежелде  балаларға арналған жөргектер шөп, мүк, жапырақ, жүн және жануарлар терісінен дайындалған. XIX ғасырдың басында жөргектер ылғалды тез сіңіретін жүн мен түрлі тоқыма заттарынан жасалған. 1950 жылдардың соңына қарай аналар балаларына матадан жасалған жөргектерді қолданған. Оның  артықшылығы ылғалдың тез кебуі мен экологиялық таза өнім болуында. Ғылым мен технологияның үздіксіз дамуы нәтижесінде жөргектердің сапасы артып, түрлері көбейді. Алғаш рет 1961 жылы АҚШ-та бір рет қана қолданатын жөргектер қолданысқа шығарылды. 1977 жылы Ұлыбританиялық аналар тарапынан жөргектерге деген сұраныс бірден арта түскен. Себебі электрлік тұрмыс құралдарынан кейін өмір сүруді жеңілдететін зат жөргектер деп саналған. Сол сәттен бастап бала күтіміне арналған жөргектерді пайдалану үй шаруасындағы әйелдің күш-қуаты мен уақытын үнемдеуге үлкен мүмкіндік туғызды.

Ал 1968 жылы АҚШ-та ең ірі қағаз өндіруші Kimberly-Clark компаниясы сәбилерге арналған алғашқы жөргектерді «Huggies» атауымен бастады. Алайда танымалдылыққа қол жеткізу үшін 10 жылдан астам уақыт кетіп, «құшағында» деген мағынаны беретін бұл жөргектер 1978 жылдан бастап тұрақты сатылымға шыға бастады. «Huggies» жөргегі балаларға арналған жөргектер тарихында бірінші шыққан жөргек болмаса да, сапалылығы мен үздіксіз жарнама нәтижесінде 1982 жылы АҚШ елінде ең танымал өнім, жетекші компанияға айналды. 1989 жылы балаларды дәретханаға отыруға үйрету мақсатында жасалған Huggies Pull-Ups жөргек-шалбары мен 1994 жылы Huggies GoodNites и DryNites деп аталатын жасы үлкен ұлдар мен қыздарға арналған жөргектер және 1998 жылы суда жүзуге де болатын Huggies Little Swimmers жөргектерін жасап шығарды. «Huggies» сауда бәсекесінде  кәсіби безендірілуімен ерекшеленген жөргек.

АҚШ-тан бастау алған жөргектер КСРО-ға 1990 жылдардан бастап қана сауда айналымына енді. Постсоветтік елдерде американдық және шведтік «Huggies» жөргектері қолданысқа еніп, танымал бола бастады. 1994 жылдың соңы мен 1995 жылдың ақпан айынан бастап бірінші телеарнада «Pampers» жөргегі жарнамаланып,  2000 жылдан бастап «Huggies» жарнамасы көрерменге жол тартты. Нәтижесінде  2001 жылы «Huggies» жөргегін дүние жүзі бойынша жарты миллиардқа жуық адам пайдаланған.

Компания табысы

«Kimberly Clark» баспасөз қызметінің хабарлауынша, компания 2016 жылдың алғашқы жарты жылдығында кірісті 5,9 есеге ұлғайтқан. Яғни қаржы көлемі 1,14 млрд АҚШ долларын құраған. Бұл көрсеткіш 2015 жылғы 0,44 млрд АҚШ доллар табысына қарағанда, 3,06 млрд АҚШ долларына көбейген. Алайда, 2016 жылы компанияға түскен таза табыстың мөлшері 9,1 млрд АҚШ доллар болып, 2015 жылмен салыстырғанда 2,9%-ға төмендеген. Компанияның бас директоры Томас Фолктың мәліметінше 2016 жылы компанияның табысы 5,9-6,1 млрд АҚШ доларға жеткен.

Әлемдік сауда нарығында жөргектердің бағасы 2009 жылы 20 миллиард евроны құраған. Жөргектерді ең көп тұтынушы елдерге туу көрсеткіші жоғары дамыған Қытай мен Үнді мемлекеттері жатады. Нарықтағы қолданысы жыл санап күншығыс елінде 6%-ға, үнді елінде 2,5%-ға көбейген.

Америкалық  «Kimberly Clark» компаниясы  150-ден астам елдерде ұсынылған.

Қазақстанда жөргектің құны қанша?

Қазақстандағы дәріханаларда «Huggies» жөргектерінің бағасы оның санына сәйкес болып келеді. Мәселен, 1 көлемді жөргектің орташа бағасы 1760 теңге. Бір орамында 27 дана болады. №2 көлемді 27 данадан тұратын жөргек бағасы 2000 теңге. №3 көлемді 93 данадан тұратын жөргек құны 6295 теңгені құраса, №4 көлемді 80 данасы бар жөргек 6020 теңгеге сатылады. №5 көлемді 56 данадан тұратын бір орама бағасы 5540 теңге. 64 данадан тұратын «Huggies» ылғалды сүрткіштің бағасы 640-720 теңге аралығында сатылады. Дәріханашылардың айтуынша, қолжетімді бағадағы өнімнің сатылымы өте жоғары.

«Huggies» жөргегінің қызметі мен жасалу құрылымы  

Жөргектің қызметі алғашқы қабатына сұйықтықты сіңіріп алады да, ылғалдың теріге тимей, ұзақ уақыт бойы құрғақ болып тұруын қамтамасыз етеді. Сіңіргіш материалдар гель тәрізді кристалдар мен целлюлоза қоспасынан тұрады. Ішкі жабынды қабаты Baby Soft деп аталатын жұмсақ мақтадан жасалынады. Жөргектің сыртқы қабаты Air Dry  материалы сезімтал  сәби терісінің демалуы мен құрғақ сақтайды.

HUGGIES жөргегінің экологиялық әсері екі жақты. Артықшылығы қолжетімді баға, жөргектердің сапасы мен бағасында таңдау бар және жұмсақ материалдан жасалынған. Ал кемшілігі кейде сәбилерге тері бөртпесін шығарады, арзан бағадағы жөргектер ылғалды толық сіңірмейді, өлшемдер балаларға сәйкес келмеуі тұтынушылар наразылығын тудырады.

«Huggies» жөргектерінің сапасы әр түрлі елдерден шығуына байланысты тұтынушылар тарапынан сынға ұшырап жатады. Мәселен, Huggies Newborn және Huggies Natural Fit Ұлыбританияда шығарылса, Huggies Premium и Huggies Little Walkers – Чехияда өндіріледі. Әр елден шығарылып жатқан бұл өнімдердің сапасында айтарлықтай айырмашылық болмайды. Себебі жеке тауар ретінде әр мемлекетте шығарылғанымен, компания жөргектердің сапасы жасалу құрамының бірдей болуын қадағалайды.

Чехияда жасалынатын Huggies Little Walkers барлық Еуропа елдерінде сатылымда.  Newborn мен Premium жөргегінің басқалардан айырмашылығы жасалыну құрамы мен қыр-сыры жаңа туылған сәбилердің терісіне  арналған.  Ал Huggies-тің  Natural Fit  түрі өзге жөргектерден баға көрсеткіші бойынша жоғары, сатып алу мүмкіндігі шектеулі. Латвия елінде ауадай қажет ең көп сұранысқа ие жөргектің түрі — Huggies Premium.

Сапалы жөргектерді қалай сатып аламыз?

Жөргек сапасы бала денсаулығына тікелей әсер ететін болғандықтан, оны сатып аларда қарапайым төмендегідей шарттарды сақтаған дұрыс:

  • Орам бүтіндігіне назар салу қажет;
  • Дымқыл жерде сақталмағандығына көз жеткізу керек;
  • Жөргектерді бір-екі даналап сатып алу қаржылай тиімсіз және отбасы бюджетінен көп шығын алып келеді.

Алпауыт компания тағы қандай өнім шығарады?

Kimberly-Clark Corporation жөргектер ғана емес, тұрмыстық және гигиеналық жабдықтар мен ылғалды майлықтар, тері күтіміне арналған өнімдер шығарады. Бүгінгі таңда жеке бас гигиенасына арналған заттар жасап шығаратын алпауыт компанияның бірі. Мысалы, балаларға арналған ылғалды майлықтар, Kleenex деген атаумен баршаға мәлім қорапшадағы сүртпе майлықтар, дәретхана қағазы, Kotex әйелдерге арналған гигиеналық заттар және үлкен адамдар мен шышыңдықпен (цистид) ауыратын науқастарға арналған DEPEND жөргектерін шығарды. Сондай-ақ, 4-11 жас аралығындағы түнде зәр жіберіп қоятын балаларға арналған DryNitеs ішкиімдерін жасады.