ХВҚ резервті валюта қоржынын қайта қарайды

441

Осы жылдың күзінде долларлық жүйені ығыстыру процесі басталады. Қазан айында резервті валюта мәселесі түбегейлі шешіледі деп жазады vestifinance.ru.

Жыл сайын ХВҚ резервті валюталар қоржынының құрамын қайта қарап отырады. Қазір оның құрамында АҚШ доллары, британдық фунт, жапондық иен және еуро бар. Осы жылы валюталық қоржынды ауыстыратын уақыт келді. Әрі қытайлық юанның осы құрамға кіруге барынша жоғары мүмкіндіктері болып тұр.

Әзірге АҚШ тарихтағы ең үлкен мемлекеттік қарыз көлемін ұлғайтып жатқанда, қытайлықтар өздерінің валюталарын алға жетелеумен айналысты. Осыған байланысты ҚХР басшысы доллар өткеннің тауары деп те мәлімдеген еді.

«Біз қазірдің өзінде Ресей мен Қытайдың қаншалықты алтын жинап жатқандығын көріп отырмыз. Қытай әлемдегі алтынның ең ірі өндірушісі және импортеріне айналды. Ол металлдың максималды көлемін шоғырландырып қана қоймай, өз қоймасынан бірде-бір унцияны шығармай отыр», — деп жазады Futuremoneytrends порталы.

Қытай билігі стратегиялық құпиялылық сақтап, алтын қоры бойынша мәліметтерді жарияламай отыр. Соңғы рет олар мұндай мәліметті 2009 жылы хабарлаған еді. Сол уақыттан бері Қытайдың нақты қанша алтыны бар екендігі белгісіз.

Қандай-да бір валютаны резервті қоржынға қосқанда ол ел алтын қорының көлемін хабарлауы керек. Юань валюталық қоржынға қосылса, Пекин ол мәліметін қазанда жариялайды деген сөз.

«Әлемдік қаржылық жүйесіндегі өзгерісті байқамау мүмкін емес», — деп жазады сарапшылар. Және бұл өзгерістің арасында Қытай негізгі кейіпкер болуы әбден мүмкін.