III тоқсанда қазақстандық банктерге 6,82 млн теңге айыппұл салынды

7
Фото: depositphotos.com

Алматы. 19 қазан. 7kun.kz – Қазақстан банктеріне 2018 жылдың ІІІ тоқсанында әкімшілік жауапкершілік қарастырылған бұзушылықтары үшін 6,28 млн теңгеге айыппұл салынды, — деп хабарлады Ұлттық банктің баспасөз қызметі.

Оның ішінде «Банк Kassa Nova» АҚ Ұлттық Банкке жалған мәліметтер бергені үшін 481 мың теңге айыппұл салынды.

«ЦентрКредит банкі» және «АТФ Банк» несие бюросына жалған мәліметтер бергені үшін әрқайсысына 481 мың теңге айыппұл салынды.

ForteBank банктік қарыз шарты бойынша қамтамасыз ету болып табылатын мүлікке құқық белгілейтін құжаттардың түпнұсқаларын жоғалтқаны үшін 240 мың 500 теңге айыппұл салынды. Ресей Сбербанкінің қазақстандық еншілесі банктік қарыз шартында нақты есептелген сыйақы мөлшерлемесін көрсетпегені үшін 120 мың 250 теңге айыппұл салынды.

Астана Банкі мен Qazaq Banki төлем құжаттарын орындау тәртібін (клиенттің ақша төлемі/аударымы бойынша нұсқауын орындау мерзімін) бұзғаны үшін, нұсқау сомасынан 5% мөлшерінде 4,841 млн теңге және 182 мың теңге айыппұл салынды.

Анықталған бұзушылықтардың қорытындысы бойынша банктерге қатысты 71 санкция және шектеулі ықпал ету шаралары, оның ішінде: айыппұл салу және өндіріп алу түріндегі 28 санкция; жазбаша ұйғарым түріндегі 43 шектеулі ықпал ету шаралары қолданылған.

Жүргізілген талдау нәтижелері банктер көп жағдайда банктік заемға және банктік шоттарға, ақша төлемдері мен аударымдарына қызмет көрсетуге, сондай-ақ Ұлттық банкпен қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзара іс-қимылға байланысты талаптарды сақтамайтынын көрсетті.

2018 жылдың III тоқсанында шектеулі ықпал ету шаралары мен санкциялардың ең көп саны Qazaq Banki және «Астана Банкі» қатысты қолданылды, бұл қабылданған шаралардың жалпы санының 35%-ын құрады, ForteBank және «Казкоммерцбанк» – 10%, «ХоумКредит» Банкі — 8%, Альфа-банк, АТФБанк және Ресей Сбербанкінің қазақстандық еншілес банкі-6%.

Ұлттық Банктің мәліметінше, 1 қазандағы жағдай бойынша Қазақстанда 30 коммерциялық банк жұмыс істейді. Хабарланғандай, III тоқсанда Ұлттық Банк Астана банкін, Эксимбанк мен Qazaq Banki банктік және өзге операцияларды жүргізуге лицензиясынан айырды.