Илон Маск арзан электр көліктердің Tesla-ның болашағына қалай әсер ететін айтты

Маск
sputnik-georgia.ru

Алматы. 23 мамыр. 7kun.kz — Tesla компаниясының басшысы Илон Маск Model 3 электр көлігін арзан бағамен сату үшін аптасына 5 мың дана көлік шығару керек екенін айтып берді. 

«Дәл қазір Model 3-тің ең арзан нұсқасын шығару Tesla-ның алдымен ақшасын жоғалтуға, сосын құрдымға кетуіне алып келеді. Алдағы 3-6 айда дағдарыстан аман қалуымыз үшін 35 мың доллар тұратын Model 3-тен аптасына 5 мың дана көлік шығаруымыз керек»,-деді Маск.

Model 3 жаппай қолданысқа ие болатын арзан көлік ретінде таныстырылды. Оның бастапқы бағасы 35 мың доллардан басталады.

Айта кетейік, Tesla компаниясы 2018 жылдың бірінші тоқсанын 785 млн доллар шығынмен жапты.