Экономика
Познавательный
Илон Маск арзан электр көліктердің Tesla-ның болашағына қалай әсер ететін айтты
Алматы. 23 мамыр. 7kun.kz - Tesla компаниясының басшысы Илон Маск Model 3 электр көлігін арзан бағамен сату үшін аптасына 5 мың дана көлік шығару керек екенін айтып берді.
"Дәл қазір Model 3-тің ең арзан нұсқасын шығару Tesla-ның алдымен ақшасын жоғалтуға, сосын құрдымға кетуіне алып келеді. Алдағы 3-6 айда дағдарыстан аман қалуымыз үшін 35 мың доллар тұратын Model 3-тен аптасына 5 мың дана көлік шығаруымыз керек",-деді Маск.
Model 3 жаппай қолданысқа ие болатын арзан көлік ретінде таныстырылды. Оның бастапқы бағасы 35 мың доллардан басталады.
Айта кетейік, Tesla компаниясы 2018 жылдың бірінші тоқсанын 785 млн доллар шығынмен жапты.