Иманғали Тасмағамбетов қызметінен кетті

Тасмағамбетов
Фото: newtimes.kz

Алматы. 18 желтоқсан. 7kun.kz — Иманғали Тасмағамбетов Қазақстанның Ресейдегі елшісі қызметінен кетті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығына сәйкес, Тасмағамбетов зейнет жасына жетуіне байланысты Қазақстанның Ресейдегі елшісі қызметінен босатылды.

Тасмағамбетов еңбек жолын география және биология мұғалімі болып бастады. 1979-1983 жылдары Қазақстанның Ленин коммунистік жастар одағы (ЛКЖО) Махамбет аудандық комитеті ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі, Қазақстан ЛКЖО Гурьев облыстық комитеті комсомол ұйымдары бөлімінің меңгерушісі қызметтерін атқарды.

1983-1985·жылдары Қазақстан ЛКЖО Гурьев қалалық комитетінің бірінші хатшысы болды.

1985-1986·жылдары Қазақстан Компартиясы Гурьев қалалық комитетінің ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі болып жұмыс істеді.

1986-1988 жылдары Қазақстан ЛКЖО Гурьев облыстық комитетінің бірінші хатшысы қызметін атқарды.

1988-1989 жылдары Қазақстан ЛКЖО ОК жұмысшы жастар бөлімінің, жастардың әлеуметтік-экономикалық мәселелері бөлімінің меңгерушісі, Қазақстан ЛКЖО ОК хатшысы қызметін атқарды.

1989 жылдан Қазақстан ЛКЖО ОК бірінші хатшысы болып жұмыс істеді.

1991 жылдан бастап Жастар ісі жөніндегі мемлекеттік комитетінің төрағасы болды.

1993 жылы — Президенттің көмекшісі қызметін атқарды.

1995 жылдан бастап премьер-министрдің орынбасары болды.

1997 жылы премьер-министрдің орынбасары — білім және мәдениет министрі қызметін атқарды.

1997-1998 жылдары — Қазақстан Президенті әкімшілігі басшысының орынбасары — Президент әкімшілігі ұйымдастыру-бақылау бөлімінің меңгерушісі.

1998-1999 жылдары Президенттің бірінші көмекшісі болып жұмыс істеді.

1999-2000 жылдары — Атырау облысының әкімі қызметін атқарды.

2000-2002 жылдары-премьер-министрдің орынбасары.

2002-2003 жылдары премьер-министр болды.

2003-2004 жылдары — Мемлекеттік хатшы.

2004 жылы — Президент әкімшілігінің басшысы қызметін атқарды.

2004-2008 жылдары — Алматы әкімі.

2008-2014 жылдары — Астана әкімі (қазіргі Нұр-Сұлтан).

2014 жылы Қорғаныс министрі болып тағайындалды.

2016 жылы премьер-министрдің орынбасары болды.

2017 жылғы ақпанда Қазақстанның Ресейдегі елшісі болып тағайындалды.