Инфляциялық таргеттеу тәсiлi экономиканың дамуы үшiн қолданылады — Н.Радостовцев

Орталық коммуникациялар қызметiндегі брифинг барысында инфляциялық таргеттеу неге тез жүзеге асты деген сұраққа жауап берген Тау-кен және тау-металлургия кәсiпорындары Республикалық қауымдастығының атқарушы директоры Николай Радостовцев бұл тәсiл экономиканы тұрақтандыру үшiн қолданылатынын айтты.

«Инфляциялық таргеттеу бiрнеше жыл бойы жүзеге асырылады деген едi, бiрақ көрiп отырғандай, ол тез арада жүрдi. Осыған қатысты қандай пiкiр айтар едiңiз?»,-деген журналистiң сұрағына жауап берген ол әлемнiң барлық елi осы үдерістен өткенiн жеткізді.

«Инфляциялық таргеттеу өте тез болды, бiрақ, бұл әдiстi бiз бiрнеше жыл бойы пайдаланатынымыз анық. Аяқ астынан доллардың теңгеге шаққандағы бағамы қайтадан 188 теңге бола қалмайды. Бұл курс ендi қайтып келмейдi. Сондықтан, экономикамыз тұрақты болу үшiн және оның дамуы үшiн бiз инфляциялық таргеттеу әдiсiн пайдалануымыз керек. Бұл өте маңызды. Себебi, әлемнiң барлық елi осы үдерістен өткен. Мысалы, Түркия осы әдiстi пайдаланып келедi. Түркия — iшкi сұранысты ғана қанағаттандырып отырған жоқ, Түркия әлем бойынша сұранысқа ие тауарлар мен қызметтердi экспорттайтын ел. Жеңiл өнеркәсiбi де, машина мен кеме жасау саласы да дамыған Түркиядан үлгi алуымыз керек. Мiне, осындай елде инфляция өте жоғары екенiн айтқым келедi. Сондықтан, бiздiң банктер де жұмыстың басқа әдiсiне көшуі керек. Себебi, Түркияның банктерi ұлттық валютадағы депозиттердi ай сайын автоматты түрде инфляция деңгейiне қарап түзетiп отырады. Яғни, бiздiң елде де теңгемен депозит ашқан халықтың инфляция бола қалса, депозиттерінің үстемақысы автоматты түрде өзгерiп отыратын едi. Бұл тәжiрибенi Қазақстанның банктерi үйренсе, құба-құп. Бұл тәжiрибенiң пайдасы көп болар едi»,-деген ол Үкiмет пен «Атамекен» палатасы осы бағытта бiрлесе бiрқатар ұсыныстар әзiрлесе дейдi.

«Менiң ойымша, қазiр консультациялар өткiзiп, Үкiмет «Атамекен» ұлттық кәсiпкерлер палатасымен бiрге бiрқатар маңызды ұсыныстар әзiрлеуi керек»,-дедi сұраққа жауап берген ол.

ҚазАқпарат