Instagram пайдаланушылары лайк санын көре алмауы мүмкін

131
Instagram
Фото: versiya.info

Алматы. 19 сәуір. 7kun.kz – Instagram әлеуметтік желісінің пайдаланушылары енді басқа адамдардың жарияланымдарындағы лайк санын көре алмауы мүмкін. Дизайндағы өзгерістерді тестілеу туралы Гонконгта тұратын мобильдік қосымшалар жөніндегі сарапшы Джейн Манчун Вонг (Jane Manchun Wong) Twitter-де жазды.

Оның айтуынша, әлеуметтік желі пайдаланушылардың лайк санына емес, жарияланымдарға басым назар аударуын қалайды.

TechCrunch хабарлауынша, Вонг Android-қа арналған қосымшаның кодында дизайндағы өзгерістерді тауып, жаңа нұсқаның скриншоттарын жасай алды.

Instagram желісінің өкілі Вонг жариялаған суреттерде шынымен жаңа фотоплатформа дизайны бар екенін растады. Бірақ, әлі тестілеуден өтпегенін де айтт.

«Instagram пайдаланушыларына қысымды азайту — бұл біз әрқашан ойлайтын нәрсе», — деп нақтылады өкіл.