«Интернет-банкинг» жүйесін бұзып, 15 миллион теңгені қолды еткен азамат ұсталды

894
Èíòåðíåò-áàíêèíã â Êàçàõñòàíå

Павлодар тұрғыны «Интернет-банкинг» жүйесін бұзып, 15 млн теңге көлеміндегі қаржыны қолды қылған. Бұл туралы облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Олардың айтуынша, облыс тұрғындары есепшоттарындағы қаржыларының жоқтығын айтып, құзыретті органдарға хабарлаған. Қолда бар ақпаратқа сәйкес, зардап шеккен азаматтардың саны әзірге үшеу. Олардың бірінен 200 мың теңге, ал екіншісінен 8 млн теңге, сондай-ақ тағы бір азаматтың есепшотынан 6 млн теңге ұрланған.

Облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің маманы Сәуле Мусинованың айтуынша, зардап шегуші тараптан ең алғашқы өтініш 2 шілде күні келіп түскен. Құқық қорғау органдарының қызметкерлерінің жедел операциясы кезінде, «Интернет-банкинг» ақпараттық жүйесіне хакерлік шабуыл жасап, 15 млн теңге ұрлады деген күдікпен қаланың 35 жастағы тұрғынын ұстады.

Сондай-ақ ІІД баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, ақша ұрлаған хакер «Интернет-банкинг» жүйесінің мәліметтер базасына заңсыз еніп, ұрлыққа барыпты. Осылайша ол сәуір-шілде айлары арасында шамамен 15 млн теңгені қолды еткен. Қазір аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы негізінде сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Күдікті уақытша терге изоляторында.

Дереккөзі: 24.kz