Интернет-провайдерлер 100 млрд теңгеге жуық табыс тапты

табыс
Фото: Kursiv.kz

Алматы. 12 маусым. 7kun.kz — 2018 жылдың қаңтар-мамыр аралығында байланыс кәсіпорындарының табысы 298,6 млрд теңгеге жетті, деп хабарлайды LS.

Салыстырмалы бағада бұл 2017 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 6,4%-ға артық. Бұл ретте қалааралық және халықаралық байланыс қызметтеріне 11,3 млрд теңге, жергілікті телефон қызметтеріне 16,7 млрд теңге, интернет желісіне қолжетімділік 99,5 млрд теңге, ал ұялы байланыс қызметтеріне  90,8 млрд теңге түсті .

Байланыс қызметтерінің жалпы көлеміндегі ең үлкен үлес кеңжолақты интернетке (33,3%) және ұялы байланысқа (30,5%) түседі. Басқа телекоммуникация қызметтері кірістердің 17,5%-ын құрады, ал жергілікті телефон байланысы қызметтері 5,6%, кабельдік инфрақұрылымды және сымсыз желілерді тарату қызметтері 4,9%-ды құрады.

Мамыр айында белгіленген телефон жолақтарындағы абоненттер саны 3,5 млн, ұялы байланыс 26,6 млн, интернетке мүмкіндігі бар ұялы байланыс абоненттері 13,8 млн, тіркелген интернет абоненттері 2,7 млн бірлікті құрады.