Интернет-провайдерлер жыл басынан бері 130 млрд теңге табыс тапты

млрд
Фото: ru.1492news.com

Алматы. 12 тамыз. 7kun.kz — 2017 жылдың қаңтар шілдесіне 397,3 млрд теңгенің байланыс қызметтері ұсынылған. Бұл 2016 жылдың аталған мерзімімен салыстырғанда 2,7 пайызға көп. Бұл туралы статистика комитеті хабарлады.

2017 жылдың алғашқы 7 айында қалааралық және халықаралық телефон байланысы қызметтерінің көлемі 16,9 млрд теңгені құрады. Бұл өткен жылдың көрсеткішімен салыстырғанда 10,7 пайызға артық.

Аталған мерзімде 24,2 млрд теңгеге (6,6 пайызға азайған) жергілікті телефон байланыс қызметі көрсетілді. Ал Интернет желісі қызметінің көлемі — 130,5 млрд теңге (өсім — 12,9%), ұялы байланыс — 124,2 млрд теңге (өсім — 1,2%) болды.

Нарықтың ең көп үлесі  кең жолақты интернет (32,8%) пен ұялы байланысқа (31,4%) тиесілі.