Интернетте жеке мәліметтерді қалай қорғау керек?

интернет
Фото: newsnumber.com

Назарларыңызға интернетте жеке деректерді қорғаудың қауіпсіздік мамандары көрсететін 7 кеңесін ұсынамыз.

№1 кеңес

Қызметтер мен қосымшалар үшін бөлек элетронды пошта ашыңыз

Көптеген қосымшаларда тіркелу үшін алдымен  электронды пошта қажет. Шабуылдаушылар электрондық пошта мекенжайын білу арқылы, оған байланған әлеуметтік желілерді бұзып, жазылушыларға спам жіберуі, ақша сұрауы, түсініктеме қалдыруы немесе тыйым салынған ақпаратты жариялауы мүмкін.

Бірнеше электронды пошта мекен-жайын иемдену қауіпсіздікті арттырады. Мәселен, маңызды әлеуметтік желілерді біріншісіне байланыстырып, екіншісін жеке хаттар үшін, үшіншісін ықтимал спам үшін пайдалануға болады.

№2 кеңес

Екінші телефон нөмірін пайдаланыңыз

Жеке пошта сияқты, негізгі телефон нөмірін жеке қоңыраулар үшін және әлеуметтік желілерде, маңызды қызметтерде тіркелу үшін пайдаланыңыз. Мысалы, ол мемлекеттік қызметтерде, банктік қосымшаларда тіркелу үшін болуы мүмкін. Екіншісін курьерлер, сауалнамалар, құжаттар мен ақшаға байланысты емес қосымшаларда тіркелу, Avito-да тауарларды сату және т.б. үшін қолданыңыз.

Егер телефон екі SIM картасын қолдамаса, виртуалды нөмірді қосуға болады. Оның е-SIM-нен (бұл виртуалды SIM карталарына арналған жаңа технология) айырмашылығы, виртуалды нөмір кез-келген телефон модельдеріне сәйкес келеді. Бірақ бұл қызмет барлық ұялы байланыс операторларында бола бермейді және кейбіреуінде ақылы болуы мүмкін.

 №3 кеңес

Өз деректеріңізді көпшілікке қолжетімді жерлерде қалдырмаңыз

Әлеуметтік желілерде және форумдарда құжаттардың сканерлері мен фотосуреттерін немесе телефон нөмірлерін жарияламаңыз. Құпия деректерді жалпыға қол жетімді жерлерде орналастырмаңыз.

Интернетте сіз туралы ақпарат неғұрлым аз болса, соғұрлым сенімді болады: алаяқтар ықтимал құрбандардың әлеуметтік желілерін зерттеп, оны сенімге ену үшін пайдаланады.

№4 кеңес

Сенімді құпия сөздерді ойлап табыңыз

Қарапайым құпия сөздерді шабуылдаушылар бірнеше секунд ішінде бұзады. Өз парақшаларыңызды қорғау үшін әр түрлі регистрдегі (яғни үлкен және кіші әріптерді араластыра) әріптері бар 12 таңбадан тұратын құпия сөздерді, сандар мен арнайы таңбаларды пайдалану керек.

Digital Security ақпараттық қауіпсіздік мамандарының айтуынша, құпия сөздерде күндерді, атауларды және кез-келген сөздерді пайдаланбау керек. Бұл банктердегі кодтық сөздерге және парольдерді қалпына келтіруге арналған сұрақтарға қатысты.

Әр ресурстың өз құпия сөзі болуы керек. Бір күрделі құпия сөзді ойлап тауып, оны барлық жерде қолданудың қажеті жоқ. Кем дегенде оны сәл өзгерткен дұрыс. Барлық құпия сөздерді жылына бір рет жаңартып отыру керек.

№5 кеңес

Екі факторлы аутентификацияны орнатыңыз

Екі факторлы аутентификация – бұл парақшаңызға кірудің қосымша растау. Жеке кабинетке кіру үшін пайдаланушы алдымен логин мен парольді, содан кейін кодты енгізеді. Сосын ол SMS немесе тіркеу кезінде көрсетілген поштаға хабарлама ретінде келеді.

Бұл шабуылдаушылардан қорғанудың сенімді әдісі. Doctor Web компаниясының баспасөз қызметі барлық сервистерде мүмкіндігінше екі факторлы аутентификация орнатуды ұсынады. Бұл алаяқтардың қолында тиісті деректер болса да, олардың жеке парақшаға кіру мүмкіндігін айтарлықтай төмендетеді.

№6 кеңес

Күдікті сілтемелерді баспаңыз

Кейде БАҚ-та белгілі бір қызметтің пайдаланушыларының деректері бұзылғандығы туралы ақпарат жарық көреді: оларды шабуылдаушылар ұрлап, интернетте орналастырды. Сонымен қатар, сіздің шоттарыңыз, парольдеріңіз және басқа да ақпаратыңыздың тарап кеткені және оны анықтау ұсынылатын ресурстар шығуы мүмкін.

«Касперский зертханасының» қызметкері Дмитрий Галов бұл ақпараттың растығын тексеру қауіпті екенін ескертеді. Кез келген мұрағатты жүктеп алсаңыз немесе күмәнді сілтемелерге өтсеңіз, құрылғы вирус жұқтыруы немесе пайдаланушы деректерін ұрлатуы мүмкін. Қызметтің өзінен ресми ақпаратты күткен дұрыс. Ал егер күмән туындаса, парольді мүмкіндігінше тез өзгертіңіз.

Сондай-ақ, бейтаныс жіберушілерден хаттарды ашпаңыз және олардың ішіндегі сілтемелерге өтпеңіз. Кейде алаяқтар ресми ресурстар атынан хат жазады. Мәселен, мемлекеттік қызметтер. Жіберушінің пошта мекенжайын тексеру маңызды: ресми хаттар өз домендерінен жазылады (мысалы, no-reply@gosuslugi.ru) және ешқашан танымал электрондық пошта қызметтерінен (@mail.ru, @bk.ru, @inbox.ru, @gmail.com және т.б.) жазылмайды.

№7 кеңес

Сайттарды тексеріңіз

Алаяқтар интернеттегі парақтаршаларды қалай жалған жасау керектігін біледі – кейде оларды шынайы адамдардан ажырату қиын. Мамандар өз деректеріңізді онлайн-дүкен сайтында қалдырмастан алдын немесе әлеуметтік желілерде тіркелмес бұрын, оның шынайы ресурс екеніне көз жеткізу керектігін айтады.

Сайттың URL мекенжайына – шолғыштағы жоғарғы жолға назар аудару өте маңызды. Digital Security сарапшыларының пікірінше, кез келген өзгерістер, қосымша әріптер мен сандар ресурстың зияндылығын көрсетуі мүмкін. Мысалы, vk.com орнына алаяқтар өздерінің сайттарын wk.com немесе gosuslugi.ru орнына gossuslugi.ru деп жалған атап қоюы мүмкін.