Инвесторлар Қазақстанның жасыл энергетикасын 100 млрд теңгеге қаржыландырды

11
Фото: perego-shop.ru

Алматы. 10 қаңтар. 7kun.kz – 2018 жылы Қазақстан жаңартылатын энергия көздері секторына шамамен 100 млрд теңге инвестиция тартты.  Энергетика министрлігі осындай мәлімдеме жасады.

Министрлік өткен жылы бес жоба пайдалануға берілгендігін хабарлады. Осылайша, Маңғыстау облысында 2 МВт-қа күн электр станциясы (СЭС) , Жамбыл облысында 50 МВт-қа «Бурное солар-2» салынды. Алматы облысында 9 МВт (әрқайсысына 4,5 МВт-тан) екі жел электр станциясы (ЖЭС) , Қарағанды облысында 100 МВт-қа арналған тағы бір СЭС пайда болды.

Қазіргі сәтте республикада жиынтық қуаты 531 МВт болатын ЖЭК 67 жұмыс істеп тұрған объектілері бар (су электр станциялары – 200,25; ЖЭС – 121,45; СЭС – 209; биогаз қондырғысы – 0,35). Ал 2018 жылдың тоғыз айында бұл көрсеткіш 1,003 млрд кВт / сағ құрады.

Айта кетейік, 2019 жылы Қазақстанның экологиялық экономикаға жедел өтуіне республикалық бюджеттен 945 млн теңге бөлуді жоспарлап отыр.