Экономика
Инвесторлар Қазақстанның жасыл энергетикасын 100 млрд теңгеге қаржыландырды
Алматы. 10 қаңтар. 7kun.kz – 2018 жылы Қазақстан жаңартылатын энергия көздері секторына шамамен 100 млрд теңге инвестиция тартты. Энергетика министрлігі осындай мәлімдеме жасады.
Министрлік өткен жылы бес жоба пайдалануға берілгендігін хабарлады. Осылайша, Маңғыстау облысында 2 МВт-қа күн электр станциясы (СЭС) , Жамбыл облысында 50 МВт-қа "Бурное солар-2" салынды. Алматы облысында 9 МВт (әрқайсысына 4,5 МВт-тан) екі жел электр станциясы (ЖЭС) , Қарағанды облысында 100 МВт-қа арналған тағы бір СЭС пайда болды.
Қазіргі сәтте республикада жиынтық қуаты 531 МВт болатын ЖЭК 67 жұмыс істеп тұрған объектілері бар (су электр станциялары – 200,25; ЖЭС – 121,45; СЭС – 209; биогаз қондырғысы – 0,35). Ал 2018 жылдың тоғыз айында бұл көрсеткіш 1,003 млрд кВт / сағ құрады.
Айта кетейік, 2019 жылы Қазақстанның экологиялық экономикаға жедел өтуіне республикалық бюджеттен 945 млн теңге бөлуді жоспарлап отыр.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024