iPhone 6S-тің қызғылт түсті моделі бірнеше сағат ішінде таусылды

АҚШ-тың Apple интернет-дүкенінде iPhone 6S және iPhone 6S Plus жаңа смартфонының Rose Gold қызғылт түсті моделі алдын-ала тапсырыс беру ашылған сәттен бірнеше сағат ішінде таусылып кетті. Бұл жөнінде MacRumors хабарлады.

Басылымның айтуынша, «қызғылт» түсті смартфон ел ішінде өте жақсы танылған. Apple техникасын жақсы көретіндер үшін бірінші партияның барлығын тауысу үшін бірнеше сағат қана керек болған. Қазіргі таңда интернет-дүкенде жаңа модельдерге енді 2-3 апта өткен соң ғана тапсырыс беруге болады. Алғашқылардың қатарында болып тапсырыс бергісі келген АҚШ, Ұлыбритания, Аустралия, Германия тұрғындары осындай қиындыққа душар болып отыр.

Естеріңізге сала кетсек, Apple компаниясы iPhone 6S, 6S Plus, IPad Pro, сонымен бірге Apple TV таныстырылымын өткізді деп жазған болатынбыз. Жаңа құрылғлар туралы мына жерден оқи аласыздар. .