Қазақстан Ұлттық Банкі Ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыруға 130 млрд теңге бөлді

қаржыландыру
Фото: apbhelp.ru

Алматы. 12 шілде. 7kun.kz — 2018 жылғы 27 наурызда Қазақстан Ұлттық Банкінің Басқармасы 2015 жылғы сәуірде қабылданған Ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыру бағдарламасына өзгерістер мен толықтыруларды бекітті. Бағдарлама екі бөліктен тұрады.

Бағдарламаның бірінші бөлігі 2004 жылдан бастап 2009 жылға дейінгі кезеңде қарыз алған ипотекалық қарыз алушыларға қолдау көрсетуге бағытталған.

Аталған қарыздарды қайта қаржыландыруға Қазақстан Ұлттық Банкі 130 млрд теңге бөлді.

2018 жылғы 1 шілдедесінде Бағдарлама шеңберінде банктер 152,4 млрд теңгеге 24 421 қарызды мақұлдап, 126,2 млрд теңге көлемінде 22 009 қарызды қайта қаржыландырды.

Мақұлданған және қайта қаржыландыруды күткен қарыздарды қайта қаржыландыру мақсатында Қазақстан Ұлттық Банкі 20,931 млрд теңге мөлшеріндегі қаражаттың игерілмеген қалдығын банктер арасында бөлді.

Бағдарламаның екінші бөлігі Қазақстан Ұлттық Банкінің 2015 жылғы 18 тамыздағы бағамы бойынша 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін алынған жеке тұлғалардың теңгемен валюталық ипотекалық қарыздарын қайта қаржыландыруды көздейді.

Бағдарламаны Қазақстанда іске асыру қорытындысы бойынша жеке тұлғалардың жылжымайтын мүлікпен қамтамасыз етілген валюталық ипотекалық қарыздары теңгеге аударылатын болады.

Валюталық қарыздарды қайта қаржыландыруды банктер 2018 жылғы 30 желтоқсанға дейін жүзеге асыратын болады, бұл ретте 2018 жылғы 15 желтоқсанда қарыз алушының қарызды қайта қаржыландыруға арналған өтінішін беру мерзімі бітеді.

Валюталық ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыруға «Қазақстан Халық Банкі» АҚ, «ForteBank» АҚ, «Банк ЦентрКредит» АҚ, «АТФ Банк» АҚ, «Цеснабанк» АҚ, «Kassa Nova Банкі» АҚ, «Еуразиялық Банк» АҚ, «Altyn Bank» АҚ, «Ресей Жинақ Банкі» АҚ, «Bank RBK» АҚ, «KZI Bank» АҚ, «AsiaCredit Bank» АҚ, «ВТБ Банк (Қазақстан)» АҚ ЕҰ, «Альфа-Банк» АҚ ЕБ, «Capital Bank Kazakhstan» АҚ және «Қазақстанның Ипотекалық Компаниясы» ИҰ» АҚ кірісіп кетті.

2018 жылғы 1 шілдеде банктер валюталық қарыздарды қайта қаржыландыруға 5,0 млрд теңге сомаға 802 өтінімді мақұлдап, 2,3 млрд теңге сомаға 462 қарызды қайта қаржыландырды.