Иранға азық-түлік өнімдері экспортталады

экспортталады
Фото: atameken.kz

Қызылорда. 31 қазан. 7kun.kz — 2017 жылы Қызылордадан Иран Ислам Рес­пуб­­ли­касына «Торем Хошеми» сортынан 60 тонна күріш экспортталады. 2020 жылы экспорт көле­мі 8 мың тоннаға жетеді. Бұл туралы Атамекен кәсіпкерлер палатасы хабарлады.

Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасы мен Гулистан провинциясының сауда-өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы палатасы ынтымақтастық меморандумына қол қойды.

Кәсіпкерлер палатасының директоры Ғалымбек Жақсылықовтың айтуынша, Меморандум қос елдің инвестиция, тауарлар мен қызметтер саудасын кеңейтуге, кәсіпкерлік саласында тәжірибе алмасуға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, «Сыр маржаны» ЖШС мен «Ақтөбе және К» ЖШС-і Иранға ет, күріш жеткізіледі.

Айта кету керек, ет комбинатын салу мақсатында «Сыр маржаны» ЖШС-гі Иран Ислам Республикасының «Tavooni Faragir Inche Boroun Co» компаниясымен келісімге келіп, ет комбинатының жобалық сметалық құжаттарын әзірлеп жатыр.

Сондай-ақ, осы компаниямен жасалған келісімдерге сәйкес, Қызылордадағы «Күшімбаев Агро» ауыл шаруашылығы кооперативі «Tavooni Faragir Inche Boroun Co» компаниясына 812 бас қозыны экспортқа шығарды.