Иран банкі SWIFT-ке қосылды

533

Жеке сектордағы Иранның Iran’s Day Bank банкі SWIFT банкаралық транзакциясының халықаралық жүйесіндегі жұмысын бастайды деп хабарлайды Iran News басылымы.

“Iran’s Day Bank-тің SWIFT жүйесіне қосылуы — санкция барысындағы шетелдік банктерге Иранмен қаржылық операциялар жасауына тыйым салынғанына қарамастан жүргізілген жұмыстардың оң нәтижесі деп білемін” – деді банк директоры Ахмад Шафизаде SWIFT-ке қосылу рәсімінде.

Осы жылдың сәуірінде SWIFT қауымдастығы Тегеранда өз қызметтерін енгізу мақсатында Иран банктерімен бірнеше кездесу өткізген еді. Сол кезде жергілікті БАҚ өкілдері бұл кездесулерді Иран ядролық бағдарламасы аясында Иран мен Батыс елдері қарым-қатынасының жақсаруының белгісі ретінде хабарлаған болатын.

SWIFT – халықаралық қаржы жүйесін қаржылық мәліметтермен қамтамасыз етуші қауымдастық. Атқаратын қызметі – SWIFT жүйесі бойынша халықаралық қаржы аударымдарын жүргізу.