Алматы. 14 желтоқсан. 7kun.kz – Бүгін Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайында Embraer 190-E2 әуе лайнерінің таныстырылымы өтті.
Embraer 2011 жылдан бері Қазақстанда пайдаланылып келе жатқан Embraer E-Jets тобының жаңғыртылған нұсқасы. Әуе кемесі екі қозғалтқышты тар фюзеляжды жолаушылар лайнері санатына кіреді. Аз және орташа қашықтықтағы рейстерге арналған. Ұшақ Бразилияда жинақталған.Қазақстан ТМД-да алғашқы болып Embraer 190-E2 лайнерін алды. "Эйр Астана" тағы осындай бес ұшаққа тапсырыс берді. Олар AerCap компаниясынан операциялық лизингке алынған. Қалған төрт ұшақ 2019-да жеткізіледі.
Компанияның тапсырысымен бірінші "қазақстандық" Embraer 190-E2 фюзеляжының алдыңғы бөлігінде қар барысының бейнесі салынған. "Эйр Астана" бұл арқылы тек Қазақстанда ғана емес, бүкіл әлемде қар барыстарының азаю проблемасына назар аударғысы келіпті. Сондай-ақ экологияны жақсарту және қоршаған ортаны сақтау мәселелерін тағы да көтергісі келген.
Ұшақ жолаушыларға арналған сымсыз ойын-сауық жүйесімен жабдықталған. Оның көмегімен жолаушылар фильм көріп, музыка тыңдай алады. E2 салоны 108 жолаушыға есептелген және 2х2 креслолардың жиынтығы бар.
Embraer 190-E2 Қазақстаннан бөлек Ресей, Орталық Азия, Кавказ және Қытайда жолаушылар тасымалдайтын болады.
Жаңа әуелайнерінің алғашқы рейсі 19 желтоқсанда 2018 Астана-Алматы бағыты бойынша жоспарланған.
Қазіргі таңда "Эйр Астана" паркінде 34 әуе кемесі бар. 2026-ға қарай тасымалдаушы паркті 64 ұшаққа дейін көбейтуді жоспарлап отыр.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024