Экономикалық және әлеуметтік саясат туралы жазатын ekonomist.kz сайты іске қосылды
Алматы. 17 қыркүйек. 7kun.kz – Ekonomist.kz күрделі экономикалық құбылыстарды қарапайым тілмен жеткізіп отырмақ.
Жоба міндеті – оқырманды экономика жаңалықтары мен мәселелерінен хабардар ету, кәсіби сараптама алаңын дамыту, жас сарапшылардың танылуына мүмкіндік беру. Авторлар жоба «нәтижесінде халық табысының өсуі мен әлеуметтік әділдікті қамтамасыз ету жолында мемлекет қабылдайтын шешімдер сапасына әсер етеміз», деген мақсат қояды.
«Көп адамдар үшін экономика олардың өміріне тікелей қатысы жоқ, күрделі ғылым болып көрінеді. Ekonomist.kz орын алып жатқан экономикалық үдерістер жайлы және мемлекеттік экономикалық саясат Қазақстанның қарапайым азаматтарының өміріне қаншалықты әсер ететіні туралы түсінікті тілмен айтып отырады», – дейді жоба жетекшісі, экономист Қасымхан Қаппаров.
Мемлекеттің экономикалық және әлеуметтік салалардағы қазіргі бастамаларының көбінесе тәуелсіз сараптама бағалауы болмайды. Нәтижесінде, маңызды шешімдер олардың өзін-өзі жұмыспен қамтушылар, көпбалалы аналар, ауыл тұрғындары және басқа да халықтың әлеуметтік тұрғыда осал топтарына әсерін ескермей қабылданады.
«Жоба мақсаты Қазақстанда экономика саласында тәуелсіз сараптама ортасын дамыту және де біз бұл жоба экономикалық сұрақтарды әртүрлі көзқарастар тоғысында талқылайтын алаңға айналады деп үміттенеміз. Осындай ортаның болуы қоғам мен мемлекет арасындағы ең маңызды деген экономикалық тақырыптар бойынша және де халықтың әлеуметтік тұрғыда осал топтарына қатысты экономикалық мүмкіндіктер тақырыбындағы ашық диалогтың негізін қалауға ықпал етеді», – дейді Сорос-Қазақстан қоры бағдарламалар директоры Бота Аязбаева.
Жоба Сорос-Қазақстан қорының қаржылай қолдауымен «Ашық экономика» бастамасы аясында жүзеге асырылады.
Тэги:
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024