JP Morgan: Мұнай бағасы тағы да төмендей түсуі мүмкін

504

Мұнай бағасы тағы да төмендей бастауы мүмкін деп есептейді  JP Morgan сарапшылары. Олардың болжамынша, 2015 жылы Brent маркасының орташа бағасы 54,5 долларды құрайды.

Мамандардың сөзінше, мұнай өндірісінің көбеюі мен мұнай өңдеуші зауыттардағы профилактикалық жөндеу жұмыстарының басталуы әлемдік мұнай бағасының төмендеуіне себеп болады.

Инвестбанк сарапшылары 2015-2016 жылдарға арналған болжамдарын қайта қарап, алдыңғы бағалауларын қайта түсірді. Жаңа құжат бойынша, 2015 жылы Brent маркасының орташа баррелі 16 долларға яғни 54,5  долларға дейін азайтылған. 2016 жылы 52,5 долларға дейін түсуі мүмкін. Бұл бұрынғы бағалауға қарағанда 19 доллар төмен.

Осыған дейін Morgan Stanley сарапшылары Иран өзіне салынған санкциялардан арылып, Ливиядағы саяси шиеленіс қалпына келген жағдайда жаңа мұнай тасқыны әлемдік нарықты нашарлатып жіберуі мүмкін деп мәлімдеген еді. Олардың сөзінше, соңғы 30 жылдағы ең ірі құлдырау орын алып, ол кем дегенде 3 жылға дейін созылуы мүмкін.