К.Мәсімов негізсіз баға көтерілмеуін қадағалауды тапсырды

421

Үкімет отырысында ҚР премьер-министрі Кәрім Мәсімов теңгенің еркін курсқа өтуіне байланысты негізсіз баға көтерілмеуін қадағалауды тапсырды деп хабарлайды Қазақпарат. 

«Аймақ әкімдерін арнайы штаб құрып, елдің әлеуметтік осал топтарына әлеуметтік және тұрғындық көмек көрсету тәрізді қолдау білдіру қажет. Әлеуметтік қызмет түрлері және азық-түлік бағасының негізсіз көтерілмеуі үшін ұйымдастыру шараларын қабылдау қажет. Әрбір өңірдегі жағдайды бақылап, мониторинг жасау қажет», — деп мәлімдеді К.Мәсімов.

Премьер-министр оперативті шаралар бойынша жалпы бақылапы отыруды бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаевқа, әлеуметтік мәселелерді шешуді вице-премьер Бердібек Сапарбаевқа тапсырды.

К.Мәсімовтың хабарлауынша, сенбіде Үкімет отырысы өтіп, құрылымды реформалар пакеті, оперативті шаралар, бюджеттік сипаттағы сұрақтар және алдағы макроэкономикалық саясат мәселесі талқыланады.