Таңғы сессия: 1 доллар — 312,68 теңге

Алматы. 7 сәуір. 7kun.kz — Қазақстан қор биржасында шетел валюталарына қатысты таңғы сауда сессиясы аяқталды. Нәтижесінде 7 cәуірдегі доллардың орташа бағамы 312,68 теңге болды. Бұл  туралы биржаның (KASE) ресми сайтында хабарланды.

KASE ақпаратына сәйкес, АҚШ долларына қатысты сауданың төменгі курсы 312,39 теңгені құрады. Жоғарғы курс – 313,50 тг, сауданың аяқталуы кезінде 312,75 тг болды. Таңғы сессияда сауда көлемі 48 млн 600 мың доллар болды. Валюта операциясына байланысты келісім саны — 107.

Айта кетейік, 2016 жылдың 5 қаңтарынан бастап шетел валюталарына қатысты теңге курсын белгілеу туралы ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Енді долларға қатысты теңгенің орташа ресми бағамы Қазақстан қор биржасындағы таңғы және күндізгі сессия қорытындысы бойынша белгіленеді.

Ақша айырбастау орындарында 7 сәуірдегі доллардың жоғары курсы (Алматы уақытымен – 11:00) Алматыда 314.5 теңгені құраған.