Күндізгі сессия: 1 доллар — 325,81 теңге

0
44
теңге
Фото: Капитал.kz

Алматы. 17 шілде. 7kun.kz — Қазақстан қор биржасында шетел валюталарына қатысты күндізгі сауда сессиясы аяқталды. Нәтижесінде 17 шілдедегі доллардың орташа бағамы 325,81 теңге болды. Бұл  туралы биржаның (KASE) ресми сайтында хабарланды.

KASE ақпаратына сәйкес, АҚШ долларына қатысты сауданың төменгі курсы 325,60 теңгені құрады. Жоғарғы курс – 326,00 тг, сауданың аяқталуы кезінде 325,85 тг болды. Күндізгі сессияда сауда көлемі 50 млн 900 доллар болды. Валюта операциясына байланысты келісім саны — 138.

Ақша айырбастау орындарында 17 шілдедегі доллардың жоғары курсы (Алматы уақытымен – 16.00) Алматыда 327 теңгені құраған.


Пікір жоқ

ПІКІР ҚОСУ