Күндізгі сессияда доллар 322,36 теңге болды

183
теңге

Алматы. 2 наурыз. 7kun.kz — Қазақстан қор биржасында шетел валюталарына қатысты күндізгі сауда сессиясы аяқталды. Нәтижесінде 2 наурыздағы доллардың орташа бағамы 322,36 теңге болды. Бұл туралы биржаның (KASE) ресми сайтында хабарланды.

KASE ақпаратына сәйкес, АҚШ долларына қатысты сауданың төменгі курсы 322 теңгені құрады. Жоғарғы курс – 322,62 теңге, сауданың аяқталуы кезінде 322,40 теңге болды. Күндізгі сессияда сауда көлемі 115 млн 450 мың доллар болды. Валюта операциясына байланысты келісім саны — 243.

Ақша айырбастау орындарында 2 наурыздағы доллардың жоғары курсы (Алматы уақытымен – 15.40) Алматыда 324 теңгені құраған.