Валюта бағамыЖаңалықтарҚаржыТаңдаулы1

Күндізгі сессияда доллар 323,47 теңге болды

Алматы. 13 ақпан. 7kun.kz — Қазақстан қор биржасында шетел валюталарына қатысты күндізгі сауда сессиясы аяқталды. Нәтижесінде 13 ақпандағы доллардың орташа бағамы 323,47 теңге болды. Бұл туралы биржаның (KASE) ресми сайтында хабарланды.

KASE ақпаратына сәйкес, АҚШ долларына қатысты сауданың төменгі курсы 323,06 теңгені құрады. Жоғарғы курс – 324 теңге, сауданың аяқталуы кезінде 323,35 теңге болды. Күндізгі сессияда сауда көлемі 133 млн 750 мың доллар болды. Валюта операциясына байланысты келісім саны — 229.

Ақша айырбастау орындарында 13 ақпандағы доллардың жоғары курсы (Алматы уақытымен – 15.40) Алматыда 326,80 теңгені құраған.

Tags

Осы айдарда

Close