Қазақстан қор биржасының күндізгі сессиясы кезінде 12 қарашаға арналған доллар бағамы 306, 54 теңге болды. Бұл туралы биржа сайтында жазылды.
АҚШ долларының спот-нарығына KASE валюталық нарығының 23 мүшесі қатысты. АҚШ доллары спот-нарығында АҚШ доллары бойынша орташа сараланған бағамы 306,54 теңгені құрады, сауда-саттық көлемі — 115,950 мың доллар. Сессия жабылу сәтінде сұраным бір АҚШ доларына 306,50 теңгені құрады, ұсыным – 307,55 теңге.
Таңғы және күндізгі сессия қорытындысы бойынша АҚШ долларының орташа сараланған бағамы бір долларға 306,55 теңгені (-0,21), құрады, сауда-саттықтың қосынды көлемі – 152 250 мың доллар.