Экономика
Күндізгі сессияда доллар бағамы 306 теңге қалпында қалды
Қазақстан қор биржасының күндізгі сессиясы кезінде 12 қарашаға арналған доллар бағамы 306, 54 теңге болды. Бұл туралы биржа сайтында жазылды.
АҚШ долларының спот-нарығына KASE валюталық нарығының 23 мүшесі қатысты. АҚШ доллары спот-нарығында АҚШ доллары бойынша орташа сараланған бағамы 306,54 теңгені құрады, сауда-саттық көлемі - 115,950 мың доллар. Сессия жабылу сәтінде сұраным бір АҚШ доларына 306,50 теңгені құрады, ұсыным – 307,55 теңге.
Таңғы және күндізгі сессия қорытындысы бойынша АҚШ долларының орташа сараланған бағамы бір долларға 306,55 теңгені (-0,21), құрады, сауда-саттықтың қосынды көлемі – 152 250 мың доллар.