«К-ОЙЛ» Қостанай зауытына үлкен көлемде қаржы салады

562

«К-ОЙЛ» ЖШС Қостанайдағы өсімдік майын өндіретін зауытқа (Қазақстанның Қостанай облыстық әкімшілік орталығы) 340 млн теңге көлемінде қаржы құяды.
Ағымдағы курс – 185,05/$1.
Жаңартылған зауытты осы жылы ашу жоспарда бар. Кәсіпорынның өндіріс қуаты модернизациядан соң екі есеге артады.
Рапс бойынша қуат 100 тоннадан 200 тоннаға дейін, күнбағыс бойынша — 70 тоннадан 140 тоннаға дейін арттырылады. Жаңа цех салынып жатыр, цехтің пресстеу жұмысы қайтадан жасалуда, құрылғыларды ауыстырып жатыр.
«К-ОЙЛ» өсімдік майы өндірісімен айналысады. 2012 жылдың ақпан айынан бері жұмыс жасап келеді.