KASE: 1 доллар — 336,68 теңге

Фото: etoday.kz

Алматы. 14 маусым. 7kun.kz — 2016 жылдың 14 маусымында Қазақстан қор биржасындағы (KASE) таңғы сессия қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 336,68 теңге болды. Бұл туралы биржаның ресми сайтында жазылды.

KASE ақпаратына сәйкес, АҚШ долларына қатысты сауданың минимал курсы 336 теңгені құрады. Максимал курс — 337,11 теңге, сауданың аяқталуы кезінде 337,05 теңге болды. Таңғы сессияда сауда көлемі 35 млн 300 мың доллар болды. Валюта операциясына байланысты келісім саны — 70.

Ақша айырбастау орындарында 14 маусымдағы доллардың максимал курсы — 337,5 теңге (Алматы уақытымен – 11:30).

Айта кетейік, 2016 жылдың 5 қаңтарынан бастап шетел валюталарына қатысты теңге курсын белгілеу туралы ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Енді долларға қатысты теңгенің орташа ресми бағамы Қазақстан қор биржасындағы таңғы және күндізгі сессия қорытындысы бойынша белгіленеді.