KASE: 1 доллар — 337,94 теңге

ресми
Фото: kapital.kz

15 шілдедегі таңғы сессия қорытындысы бойынша доллардың орташабағамы 337,94 теңге болды. Бұл туралы Қазақстан қорбиржасының (KASE) ресми сайтында хабарлады.

KASE ақпаратына сәйкес, АҚШ долларына қатысты сауданың төменгі курсы 337,15  теңгені құрады. Жоғарғы курс – 338,90 теңге, сауданың аяқталуы кезінде 338,90 теңге болды. Таңғы сессияда сауда көлемі  29 млн 900 мың доллар болды. Валюта операциясына байланысты келісім саны — 72.

Айта кетейік, 2016 жылдың 5 қаңтарынан бастап шетел валюталарына қатысты теңге курсын белгілеу туралы ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Енді долларға қатысты теңгенің орташа ресми бағамы Қазақстан қор биржасындағы таңғы және күндізгі сессия қорытындысы бойынша белгіленеді.

Ақша айырбастау орындарында 15 шілдедегі доллардың жоғарғы курсы (Алматы уақытымен – 11:20) Алматыда 339,5 теңгені құрады.