Каспарс Кукелис: «Телеоператолар қаржылық технологиялар нарығында бәсекелеспейді»

94
Каспарс Кукелис
Фото: Kapital.kz

Алматы. 5 наурыз. 7kun.kz – Өткен аптада Алматыда алтыншы CFO саммиті өтті, онда қаржы нарығының топ-менеджерлері мен басшылары жиналды. «Кселл» АҚ бас атқарушы директоры Каспарс Кукелис «Финтех: экожүйелер күресі» тақырыбындағы пікірсайысқа қатысты, деп  хабарлайды оператордың баспасөз қызметі.

Пікірсайыста сарапшылар Қазақстандағы қаржылық технологиялар проблемалары, мүмкіндіктері мен шектеулері туралы әңгімеледі.

«Барлық қолданыстағы индустриялардың ішінен телеком қаржылық технологияларды дамыту және қатысу үшін қолайлы, өйткені ол өзінің ұялы құрылғысы арқылы оператормен тікелей байланыста болатын және сәйкестендірілген соңғы тұтынушымен байланысты сақтайды. Менің ойымша, операторлардың позициясы өте жақсы. Ашық мүмкіндіктерді дұрыс пайдалану және нарықты дамыту үшін уақытты жіберіп алмау маңызды», — деді Каспарс Кукелис.

«Кселл» АҚ-ның бас директоры мәлімдеуінше, ұялы байланыс операторлары қаржылық технологиялар нарығында бір-бірімен бәсекелеспейді. Өйткені, SMS арқылы жолақы төлемін  төлеу үшін абонент операторын өзгертпейді. MFS — уақыт өте келе кіріс әкелуі мүмкін қосымша ыңғайлылық.

«Қазақстанда смартфондардың енуі 60%-дан асады және өсуде. Телеком операторлары қаржылық технологиялар нарығының тек тұтынушылар тарапынан ғана емес, сонымен қатар мерчанттар тарапынан да басты қатысушылары бола алады. Мысалы, кішкентай сауда нүктелері үшін транзакциялар үшін ең қолжетімді терминалдық құрылғы — бұл смартфон. Мобильді операторлардың абоненттік базасы банктерден әлдеқайда көп. Қаржылық технологиялар бойынша сервистерді өз бетінше жасауға, сондай — ақ синергияға ықпалдасуға мүмкіндік бар», — деп атап өтті ол.

Өз сөзінде Каспарс Кукелис телеком операторының мәліметтерінің арқасында қаржы ұйымдарының скорингінің жақсаруы туралы, қауіпсіз транзакциялар және қаржы қызметтерін пайдаланушылардың жылу карталарын қалыптастыру туралы айтты.

CFO саммиті  қаржы нарығының топ-менеджерлері үшін кәсіби алаң. CFO саммиті алғаш рет 2014 жылы өткізіліп, қаржы мәселелерін талқылау үшін жетекші платформаға айналды.