Kaspi Bank KASE-ден шығады

Алматы. 4 ақпан. 7kun.kz – Kaspi Bank акционерлері өз акцияларын Қазақстан қор биржасының ресми тізімінен ерікті түрде шығару туралы шешім қабылдады. Бұл туралы KASE хабарланды.

Айта кетейік, қор биржасынан «Kaspi Bank» АҚ шыққанымен Kaspi.kz құрылымы биржада қалады. Ал Kaspi.kz холдингі Kaspi Bank, Kaspi дүкен, Kaspi-дің барлық қызметтері мен өнімдерін біріктіреді. Банктің KASE ресми тізімінен кетуі туралы шешім 18 қаңтарда өткен акционерлердің кезектен тыс мәжілісінде қабылданған.Оған акционерлердің басым көпшілігі (17,3 мың адам) дауыс берген.

Айта кетейік, 2018 жылғы қарашада Kaspi.kz басшысы Михаил Ломтадзе Kaspi.kz-тің Лондон Қор биржасында IPO-ға шығуды жоспарлап отырғанын хабарлаған еді.

KASE-нің 2019 жылдың 1 қаңтардағы мәліметі бойынша,
Kaspi.kz акцияларының 56,69%-ы Вячеслав Кимге тиесілі, 27,25% — ASIA Equity PARTNERS LIMITED, 7,88% – Михаил Ломтадзе.

Биржаның ақпараты бойынша, Kaspi Bank акцияларының 88,34%-ы «KASPI GROUP» АҚ қарамағында. Компанияның акционерлері Вячеслав Ким және Caspian Group b.v компаниясы.