Kaspi Bank-тің таза кірісі жарты жылда 10 есе ұлғайды

667
Kaspi Bank
фото: тенгриньюс

Алматы. 3 тамыз. 7kun.kz — 2017 жылдың І жартыжылдығында Kaspi Bank-тің таза кірісі 20,5 млрд теңге болды. Былтырғы жылмен салыстырғанда кіріс 10,7 есе өскен. Бұл туралы банктің баспасөз қызметі хабарлады.

Банктің жинақталған қаржылық есебі бойынша, қаржы институтының таза пайыздық кірісі 21,5 млрд теңгеден 29,5 млрд теңгеге (өсім — 36,9%) дейін ұлғайған.

Банктің операциялық кірісі 15,9 пайызға артып, 76,5 млрд теңгені құрады.

Салық салу кірісі жарты жылда 20,5 млрд теңге болды. 2016 жылдың алғашқы жартыжылдығымен салыстырғанда (3,6 млрд теңге) 6,5 есе ұлғайған өскен.

Банк активтері кезең соңында 1,3 трлн теңгеге жетті, жыл басынан 6,7 пайызға көбейген. Ал міндеттемелер 1,1 трлн теңгеден асып (өсім — 5,7 пайыз), капитал — 156,8 млрд теңгені (өсім — 14,9 пайыз) көрсетті.