Kaspi.kz-тен iPhone 8 ұтып ал!

1307

Алматы. 20 қыркүйек. 7kun.kz — Коммуналдық және басқа да төлемдерді төлегенде үнемдеу ғана емес, бонус алуға да болады екен. Kaspi.kz-те  ұялы телефон, балабақша және басқа да 450 қызметке  жасалған  төлемнің бір бөлігі бонус түрінде қайтып келеді.

Шымкенттіктер бұл тамаша қызметпен жақсырақ танысу үшін Kaspi қала мен облыс тұрғындарын ерекше акцияға қатысуға шақырады. Жүлде – үш iPhone 8! Басты жеңімпаз Apple-дің флагмандық жаңа смартфонынан бөлек Kaspi-дің Алматыдағы бас кеңсесіне шақырту алады.

-Алматыға сапар тек экскурсия ғана емес. Бұл Kaspi кеңсесіне келіп, Kaspi.kz-тегі Төлем қызметін дамытумен айналысып жатқан командамен танысу. Сондай-ақ біз қонаққа қалай жұмыс істейтінімізді көрсетіп, Михаил Ломтадземен таныстырамыз. Және бұл сапар туралы телеарна мен әлеуметтік желілерде айтамыз,-деп хабарлады компанияның баспасөз қызметінен.

Акцияға қатысу үшін 20 қыркүйек пен 31 қазан аралығында, Kaspi.kz-те 1000 теңгеден басталатын  кез-келген төлем жасау жеткілікті.  Бұрын тіркелмесеңіз  телефон нөмірі арқылы тіркелуге болады, бұл үшін Kaspi клиенті болу міндетті емес. Конкурс жеңімпаздары кездейсоқ сандарды таңдау генераторы арқылы анықталады.

Егер пайдалы төлем жасағыңыз келсе, сондай-ақ сыйлық алып, Шымкент тұрғынының Алматыдағы қызықтары туралы репортаж кейіпкері болғыңыз келсе Kaspi.kz-ке тіркеліңіз!

Айтпақшы, бұл Kaspi-дің бірінші акциясы емес. Жақында ғана Алматыға Орал қаласында өткен жоба жеңімпазы келіп қайтты. Ол туралы «Уральская неделя» апталығы жазған еді. http://www.uralskweek.kz/2017/09/11/puteshestvie-v-kaspi-longrid/