KAZ Minerals PLC туралы

33
KAZ Minerals PLC
Фото: eiti.org

KAZ Minerals PLC — Қазақстандағы ең тиімді және қарқынды өсіп келе жатқан компаниялардың бірі. «Қазақмыс» компаниясының құқықтық мұрагері.

Анықтама:

  • Құрылған жылы: 2014 жыл
  • Саласы: тау-кен металлургия
  • Бас директор: Эндрю Саузам
  • Қызметкерлер саны: 11 800 адам
  • Түсім: 2018 жылы — 631,92 млрд теңге
  • Таза пайда: 145,75 млрд теңге

Компания тарихы

Топтың тарихы «Қазақмыс» АҚ-мен тікелей байланысты.

KAZ Minerals PLC-тің — мысты өңдеу және өндіру бойынша қызметі 1930-шы жылдары басталды.

1991 жылы Қазақстанның тәуелсіздігі жарияланғаннан кейін Топ жекешелендірілді.

2004 жылы — Владимир Ким, Олег Новачук және Я.К. Ча Samsung және басқа акционерлерден компанияның 97% акцияларын және 2003 жылы жаңа акцияларды шығаруға қатысу арқылы компания акцияларының бақылау пакетін сатып алды.

2005 жылы — Лондон қор биржасында листинг алды, ол кезде Kazakhmys PLC ретінде тіркелген.

2014 жылдың 15 тамызы — акционерлер Топты қайта құрылуына дауыс берді, нәтижесінде жезқазғандық және орталық өңірлердің кемел активтерінің бірқатары негізгі акционері Владимир Ким болып табылатын Cuprum Holding компаниясына берілді. Қайта құрудан кейін 2014 жылғы 31 қазанда жариялы компанияның атауы KAZ Minerals PLC болып өзгерді.

Қазіргі уақытта Қазақстанда мысты өндіретін ең ірі өндірушілердің бірі.

Активтері

KAZ Minerals-тың иелігінде 6 кеніш бар. Компания Бозшакөл (Павлодар облысында) және Ақтоғай (ШҚО) ашық үлгідегі мыс кеніштерінде, Қазақстанның шығыс өңіріндегі үш жерасты кеніштерінде және Қырғызстандағы Бозымшақ алтынмед кенішінде қызметін жүргізеді. Негізгі ілеспе өнімдер — мырыш, күміс, алтын және молибден.

Бозшакөл – Қазақстан Республикасының Павлодар облысындағы ашық типті, ірі ауқымды мыс кеніші. Мыс концентратын өндіру 2016 жылдың ақпанында басталды. Кеніштегі өндіріс көлемін есептік қуатқа дейін арттыру 2017 жылдың екінші жартысында аяқталды.

Ақтоғай – Бозшакөлге ұқсас, ашық типті, ірі ауқымды мыс кеніші. Ол Шығыс Қазақстанда орналасқан. Заманауи қайта өңдеу кешендері бұл кеніште оксид кенінен катодты мыс, ал сульфид кенінен концентраттағы мыс өндіреді.

Жобадағы құрылыс жұмыстары 2013 жылдың бірінші жартысында, ал сульфид кенін қайта өңдеу фабрикасындағы іске қосу-реттеу жұмыстары 2016 жылдың желтоқсан айында басталды. Оксид кенінен катодты мыс өндіру 2015 жылдың желтоқсан айында, ал сульфидті кеннен концентраттағы мыс өндіру 2017 жылдың ақпан айында басталды.

Бозымшақ — Қырғызстандағы ашық типті мыс-алтын кеніші. Онда 2014 жылдың екінші тоқсанында өнім өндіріле бастады және қазіргі уақытта толық қуатқа пайдаланылады.

Шығыс аймақ:

  • Үш жер асты кеніші — Орлов, Артемьев және Ертіс
  • Үш кен байыту фабрикасы — Орлов, Николаев және Белоусов

KAZ Minerals акциялары Қазақстан, Лондон және Гонконг биржаларында орналастырылған.

Ірі акционерлері

Владимир Ким – 30,42%, Cuprum Holding Limited арқылы.

Владислав Ким — 7,07%, Harper Finance Limited арқылы.

Олег Новачук – 6,65%.

Басшылық

  • Владимир Ким — Президент, Атқарушы емес директор
  • Олег Новачук — Директорлар кеңесінің төрағасы
  • Эндрю Саузам — Басқарма төрағасы
  • Майкл Линч-Белл — Директорлар кеңесі төрағасының орынбасары және аға тәуелсіз директор
  • Линда Армстронг — Атқарушы емес директор
  • Джон Маккензи — Атқарушы емес директор
  • Чарльз Уотсон — Атқарушы емес директор
  • Элисон Бэйкер — Атқарушы емес директор
  • Эльдар Мамедов — «KAZ Minerals Management» ЖШС басқарма төрағасы
  • Сергей Леу — Бас директор, Бозшакөл
  • Ильсур Даутов — «Шығыстүстімет» ЖШС Басқарма Төрағасы
  • Ілияс Түлекеев — KAZ Minerals Бозымшақтың бас директоры

Дереккөз: www.kazminerals.com